Ермек Қуантаев: «Жұмасқалиевтің кеңесімен ұлымның есімін Ибрагим деп қойдық»

Футболдан Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» командасының қорғаушысы Ермек Қуантаевтың «PROСПОРТ» тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

- Ермек, сіз Қостанай футбол мектебінің түлегісіз. Футболдағы алғашқы қадамыңыз есіңізде ме?

- Кішкентай кезімде базардағы қытайлық бутсым болатын. Жай ғана кеды еді. Алғашқы жақсы бутсыны маған бапкерім сыйлаған. Жалпы, аяқ-киім табу мен үшін ауыр жұмыс еді, өйткені аяғым кішкентай. Футболға мектепте жазылғанмын. Жазда далада, қыста залда ойнайтынбыз. Алғаш рет жаттығуға бесінші сыныпта барғанмын. Жейдені ешкім бермейтін ол кезде, өзіңде болса жақсы – сонымен жаттығатынбыз.

- Үлкен жарыстарға қатыстыңыз ба?

- Ауданаралық, қалалық жарыстарда ғана.

- Қазіргі таңда, Қостанай футболында өзгеріс бар ма? Қалай ойлайсыз?

- Алаң мәселесі бұрынғы қалпында. Қалада бір-ақ стадион бар.

- Кәсіби мансабыңда қорғаныста да, шабуылда да ойнаған екенсің. Жалпы амплуаң қандай?

- Бала кезімде шабуылшы болғанмын. Уақыт өте бәрі өзгерді. Орталық шепте ойнай бастадым. Кейін, жастар ұлттық құрамасының бапкері Самвел Костандян мені қорғанысқа қоя бастады. Содан бері қорғаныста ойнап жүрмін.

- Отбасың туралы айта кетсең...

- Әкем әйнекші, ал анам үй шаруасымен айналасады. Анашым көп сөйлемейтін сыпайы адам. Менде сондаймын деп ойлаймын.

- 2007-ші жылы «Тобылдың» қосалқы құрамында алғаш рет алаңға шықтың. Есіңде ме ол ойын?

- Қобалжығанымды білемін әйтеуір. Универститетте оқып, жаттығуларға қалмай баратынмын. Кейін, негізгі құрамға іліндім. Футбол менің өмірім екенін енді түсініп келемін.

- 2008 бен 2009 жылдары «Тобылдың» қосалқы құрамында ел чемпионы атандың. Сен үшін бұл жетістіктер қаншалықты маңызды?

- Тура сол уақытта әйеліммен танысқан болатынмын. Алматыдан Қостанайға поезбен екі күн жүргенбіз. Әйелім сол кездерді жиі еске алады. Әріптестерім түні бойы ұйқы бермей шулаған. Сол кезде Дәлель бізге келіп, шұламауымызды өтінді. Артынша, мен одан кешірім сұрап, номерін жазып алғанмын. Кейін ойынға шақырып, сол кезде екі гол соққаным есімде.

- 2010 жылы негізгі құрамда бірінші рет алаңға шықтың. Тура сол жылы «Тобыл» ел чемпионатын ұтып алды. Көп жылдар бойы команданы сүйреген Дмитрий Огайсыз қиын ба?

- Негізгі құрамға іліне бастағанымда ел чемпионатын жеңіп алдық. Бұл жеңіске Дмитрий Огайдың арқасында жеттік. Әрине, чемпион атанғанымызда Огайдың командада болмағаны өте өкінішті. Огай мырза алаңға шыққан сайын менің ашулы болуымды сұрайтын.

- Былтыр осы Огайдың кеңесіне жүгініп «Ордабасымен» өткен ойында Григоренконы шалып құлатқан болатынсың. Александардан кешірім сұрадың ба?

- Ойын барысында кешірім сұрадым. Шүкір, сол түйісте Александр ауыр жарақат алмады. Кездесуде ондай сәттер болып тұрады, Григоренконың маған еш өкпесі жоқ деп ойлаймын.

- 2010 жылы "ең жеңіл" футболшы деп атандың. Сол кезде салмағың қанша болды?

- 55 келі деп жазды, ал нақты салмағым 60 келі болатын. Осылайша, премьер-лигадағы ең жеңіл футболшы атағына ие болдым.

- «Қайратта» диетаға қатал қарайды ма?

- Тамақ жеу тәртібін қатал тексереді. Бұған қоса, маған салмақ жинау керек.

- Өткен наурыз айында Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізді. Сенде бұл ойынға қатысқан болатынсың. Біреумен фотоға түсіп немесе жейде ауыстырған жоқсын ба?

- Мен ондай адам емеспін. Қарапайым жігітпін. Былтыр бізге Әлем құрамасы келген кезде мен олармен демалуға барған жоқпын. Себебі жұма күні мешітке бардым.

- Балаларыңыз Кәрім мен Ибрагимнің есімін кім берді?

- Әйелім еуропалық есім бергісі келген, бірақ мен мұсылман араб есімін беруін тіледім. Дәлельге Кәрім деген есім ұнады. Екінші ұлыма Зинедин деген есім бергім келген, бірақ Нұрбол Жұмасқалиевтің кеңесімен ұлымды Ибрагим деп атадық.

- Нұрбол жиі кеңес береді ме?

- Нұрбол әр кезде қасымызда. Бізге жиі көмектеседі. Нұрбол өте жақсы адам әрі жақын досым.

- Ермек, бүгінде сен «Қайраттың» намысын қорғап жүрсің. Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан командада ойнаған ауыр емес пе?

- Бұрын «Қайрат» туралы аса ойламаптым. Қазіргі таңда, «Қайрат» - тарихы, дәстүрі бар команда екеніне көзім жетті. Мен үшін тарихтың бір бөлшегі болу үлкен мәртебе.

- Қазірде көп футболшылар түрлі бояуы бар бутсылар киеді. Өзіңде сондай бутсылар бар ма?

- Аяғымның көлемі кішкентай, сондықтан ондай бутсы табу қиын. Ғаламтордан іздеуге тура келеді. Алматыда маған бутсы табу мүмкін емес. Аяқ-киімнің түсіне қарамаймын, ең бастысы ыңғайлы болса болды.

- Жақын досыңыз Аслан Дарабаев екен...

- Әйелем Алматыға келмей тұрғанда Асланмен бір пәтерде тұратынбыз. Ол менің жақын досым. Кейбір тілшілер бізді туысқан деп те айтады.

- Соңғы сұрақ: «Қайрат» биыл ел чемпионатын ұта алады ма?

- Өте ауыр сұрақ. Жақында пәтеріміздің иесі келіп, ел чемпионатын ұтуымызды тілеген. Содан бері әйелім күн сайын: «чемпионатын болуың керек!» деп айтады. Бұл мақсатқа жету үшін барын саламыз.

Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или