Юрий Красножан: «Бірінші нөмірмен ойнау – біз үшін маңызды»

Юрий Красножан: «Бірінші нөмірмен ойнау – біз үшін маңызды»

Футболдан Қазақстан құрамасының Талғардағы базасында бас бапкер Юрий Красножанның қатысуымен  баспасөз-мәслихаты өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

– Төрт айда үш рет ұлттық құраманың оқу жаттығу жиыны мен жолдастық матч өткіземіз. Дайындық уақытының көбейгені қуантады. Федерацияға, премьер лигаға рахмет. Алдағы айда біз үшін Алматыда маңызды Түркиямен ойын өтеді. Осының алдындағы дайындық матч өте маңызды. Қазір әлемде осал команда жоқ, барлығы жақсы дайындалған. Буркина-Фасо құрамасының да жетістіктері бар, - деді Красножан.

– Буркина-Фасо құрамасы негізгі құрамымен келсей, ішкі чемпионатта ойнайтын футболшыларымен келген. Осы туралы айтып өтсеңіз.

– Еуропалық емес аптада қарсылас табу қиын. Қарсыласымыз толық құраммен келеді деп ойламадық та. Өйткені бұл команаданың футболшылары өнер көрсететін Ресей, Франция, Голландия чемпионаттарының маңызды кезеңінде оларды жібере қоймас. Бірақ Буркина-Фасо құрамасын жасақтайтын біз емес. Бізге келген команда – ішкі чемпионатында жақсы өнер көрсетіп жүрген футболшылар.

– Алдағы матчта Қазақстан құрамасы бірінші нөмірмен ойнай ма, әлде қорғаныс арқылы ма өнер көрсете ме?

– Голландиямен ойынды ескермегенде көп матчтарда біз бірінші нөмерде ойнап, ойынды өз қолымызға алуды ойлаймыз. Сондықтан бірінші нөмерде ойнау біздің негізгі жоспар. Бұл ойынды біз жеңіске жету басты мақсатымыз.

– Ойыншыларымыздың алдында қандай мақсат тұр. Өз шәкірттеріңізден не күтесіз?

– Бірінші күннен бастау керек. Ең алдымен, біз жеңіс күтеміз. Кездейсоқ жеңіс емес, жаттығуда пысықтаған тактика арқылы жеңіске жетуді көздейміз.

Кейін сөз кезегін Юрий Логвиненко алды:

– Ұлттық құрама ойынының синтетикалық алаңнан Алматыдағы табиғи алаңға ауысуы команданың ойынына өзгеріс жасауы мүмкін бе?

– Чемпионатта әр түрлі алаңда ойнаймыз – біреуі табиғи алаңда қабылдаса, біреуі синтетикалық алаңда. Астанада ойнасақ, осындай синтетикалық алаңға дайындалуға уақыт бөлеміз. Ал осында, Алматыда Орталық алаңға үйрену үшін төрт күн уақыт берілді. Әрине, мен ойынды табиғи алаңда өткізілгенін қалаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или