Хоккейден ӘЧ. Чехия Австрияны, Норвегия Словенияны жеңді

8-ші мамыр күні хоккейден Прагада өтіп жатқан әлем чемпионатында Чехия құрамасы Австрияны жеңсе, Норвегия Словенияны тізе бүктірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алаң қожайындары саналатын Чехия құрамасы Прага қаласында австриялықтарды ірі есеппен ұтып, А тобында 10 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Чехия – Австрия 4:0 (0:0, 3:0, 1:0)

1:0 – Немец (Симон) – 31:09

2:0 – Затевич (Гейда) – 38:04

3:0 – Соботка (Червенка, Крейчик) – 39:08

4:0 – Ворачек (Йордан, Гертль) – 40:07

Қақпашылар: Павелец – Штаркбаум

Ал Норвегия құрамасы Словенияға алғашқы үш ұпайды еншілеуге мүмкіндік бермеді. Матч 3:1 есебімен аяқталды. Бір айта кетерлігі, барлық шайбалар команда мүшелерінің шабуылға толықтай араласуымен соғылды.

Словения – Норвегия 1:3 (0:1, 1:2, 0:0)

0:1 – Торесен (Олимб, Холес) – 08:23

1:1 – Муршак (Копитар, Краньц) – 20:15

1:2 – Бастиансен (Олимб, Сервик) – 23:46

1:3 – Холес (Олимб, Торесен) – 38:49

Қақпашылар: Кристан – Хеуген

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или