Ненад Эрич: «Жанкүйер бізден жоғары нәтиже күтеді, бірақ ол үшін уақыт керек»

«Астана» футбол клубының қақпашысы Ненад Эрич «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құрама сапында неліктен ойнамай жүргенін және ел чемпионатының алғашқы айналымы туралы айтып берді.

- Ненад, ел чемпионатының бірінші айналымы қалай өтуде?

- Өте қызықты. Турнир кестесінің көшбасында бірнеше командалар тұр. Бұл өте қуанарлы жайт. Сондай-ақ, елімізге мықты легионерлер келуде. Алдағы уақытта не болатынын көре жатармыз.

- «Астана» еурокубоктарда ойнауға қаншалықты дайын?

- Қазіргі таңда, бар ойымыз ел чемпионатында. Еурокубоктарға дейін әлі біраз уақыт бар. Команданың тоқсан пайызын былтыр ойнаған футболшылар құрайды. Десек те, әлі бұрынғы бабымызға келген жоқпыз. Ел чемпионаты мен еурокубоктарда жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз. Басты мақсат осы. Жанкүйерлерімізді қуанту үшін бар күшімізді саламыз. Чемпиондар Лигасына дайындықты ақырындап бастадық.

- «Астанаға» жаңа екі жас ойыншы қосылды, бұл Ларсен мен Максимович. Олар жайлы пікіріңіз қандай?

- Екеуіде өте жақсы ойыншылар. Ел чемпионатында ойындар көп, соның арқасында тәжірибе жинауда. Жаттығуларда үнемі өз күштерін дәлелдеуде, сондықтан командаға пайдасы тиетіні анық. «Астана» сапында Чемпиондар Лигасында өздерін мықты қырынан көрсететін күшті мүмкіндіктері туындап тұр.

- Жуырда сізді Қазақстан құрамасына шақырды. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты сіз кездесуге қатыса алмадыңыз...

- Иә, Қазақстан құрамасына шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Басында маған Қазақстан намысын қорғауға болады деген хат келген болатын. Бірақ, кейін тағы бір мәселелер туындап, федерация менің асықпауымды сұрады. Әйтсе де, Қазақстан намысын қорғауға дайынмын. Ұлттық құрамаға шақырту – мен үшін әрдайым үлкен қуаныш.

- Демек, Түркиямен өтетін кездесуге қатысуыңыз екіталай ма?

- Қазіргі таңда, бұл мәселе қарастырылып жатыр. Бұған қоса, алаңға кім шығатын-шықпайтынын бас бапкер Юрий Анатольевич шешеді. Егер де Красножан мені ұлттық құрамаға шақырып жатса, негізгі қақпашы болу үшін аянбай тер төгемін.

- Жалпы, Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойыны туралы айта кетсеңіз?

- Өз алаңымызда Исландия құрамасынан ұтылғанымыз өте өкінішті. Жалпы командамыз шабуылға көп мән бөлуде. Ақырындап ойынымыз түзеліп келеді. Жанкүйерлер бізден жоғары нәтиже күтеді, бірақ ол үшін уақыт керек. Юрий Красножан - өте мықты маман. Онымен биік көрсеткіштерге жететенімізге сенімдімін.

Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или