Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшылар Минскіде өтіп жатқан Кеңес Одағының қаһарманы Виктор Ливенцевті еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысуда, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз-қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, Ержан Жомарт (49 кг) белорусиялық спортшыны 3:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, қарсыласына мүмкіндік қалдырмаған боксшыларымыз: Абылайхан Жүсіпов (64 кг.), Шаймұрат Құсайынов (81 кг.) және Еркін Мұхамеджан (91 кг). Ал Бағдат Уайдаев (60 кг) пен Нұрзат Сабиров (75 кг) қарсыластарын жеңе алмады.

Айта кетейік, сайысқа 85 боксшы қатысуда. Турнир 8 мамырға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или