Флойд Мейвезер-кіші барлық чемпиондық титулдан бас тартатын болды

Боксшы Флойд Мейвезер барлық чемпиондық титулынан дүйсенбі күні бас тартатынын мәлімдеді.

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер кіші филиппин Мэнни Пакьяомен өткізген жекпе-жектен кейін үш титулдан да бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы Twitter желісіндегі SportsCentre ресми микроблогында айтылады.

«Басқа боксшылар мүмкіндік алуы керек. Мен қызғаншақ емеспін», - деп түсіндірді Мейвезер титулдан бас тартуын.

Ал мұның алдында оның қарсыласы Мэнни Пакьяо жекпе-жектен кейін жеңіске жеткенін мәлімдеген болатын. Кездесу Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Мейвезерге берді. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Айта кетейік, екі боксшы бұл кездесуде жалпы сомасы 300 миллион доллар қаржы табыс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или