Әлем чемпионатының ең бағалы ойыншысы – Роман Старченко

Краковта өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының І дивизионындағы А тобында жеке номинациялар бойынша лауреаттар белгілі болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Сайыстың ең бағалы ойыншысы ретінде Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Старченко атанды. Старченко 6 ұпаймен (4 гол + 2 пас) үздік шабуылшы және үздік сұрмерген атағын да алды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Кевин Даллмэн үздік қорғаушы болса, үздік қақпашы атағын Польша құрамасының голкипері Пжемыслав Одробны алды.

Турнирдің символикалық құрамына енгендер: қақпашы Павел Полуэктов (Қазақстан), қорғаушылар Кевин Даллмэн (Қазақстан) және Матеуш Ромковски (Польша), шабуылшылар Роман Старченко (Қазақстан), Эндрю Сарауэр (Венгрия) және Марчин Колуш (Польша).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или