Андраде мен Әлімханұлы арасындағы жекпе-жектің промоутерлік саудасы кейінге шегерілді
Boxingscene.com<span> сайтының хабарлауынша, орта салмақтағы WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) мен міндетті қарсыласы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) арасындағы жекпе-жекке промоутерлік сауда кейінге шегерілді, деп жазады</span><span> </span>Prosports.kz
Кездесуге арналған аукцион Бүкіләлемдік бокс ұйымының бас офисінде 14 қаңтарда өтеді деп жоспарланған, бірақ екі тараптың өтініші бойынша іс-шара 20 қаңтарға ауыстырылды.
Еске сала кетейік, Әлімханұлы Андрадеге міндетті қарсылас ретінде 30 қарашада бекітілді. Оған дейін екі боксшы да нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Атап айтқанда, Андраде ирландиялық Джейсон Куиглиді екінші раундта нокаутқа түсірді. Ал Жәнібек Әлімханұлы 2021 жылы екі жекпе-жек өткізді. Маусым айында америкалық боксшы Роб Брунтты (26-3, 18 КО) сегізінші раундта жеңсе, қарашада француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) жұдырықтасып, оны да сегізінші раундта нокаутқа жіберді.