Головкин – Мурата жекпе-жегі 2022 жылға шегерілді
<span>Жапониялық боксшы Риота Муратаның ісін жүргізетін </span>Teiken Promotions компаниясы 29 желтоқсанға жоспарланған қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектің кейінге шегерілгенін растады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Бұған дейін шетелдік БАҚ Сайтамада өтеді деген кездесу коронавирустың жаңа штамына байланысты кейінге шегерілетінін хабарлаған.
«29 желтоқсанда Saitama Super Arena-да өтеді деп жоспарланған Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жек 29 қарашадан бастап шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салатын шешге байланысты өтпейтін болды. Мұндай шешім Жапонияда коронавирустың Omicron штаммын жұқтырған адамдар анықталуына байланысты қабылданды.
Мүдделі тараптармен бірге жекпе-жек өтетін жаңа күнді талқылаймыз»<span>, –</span> деді Teiken Promotions.
<span>Головкин – Мурата жекпе-жегі 2022 жылы көктемде өтуі мүмкін. </span>