Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанды
WBO Деметриус Андрадені қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте белбеуін қорғауға міндеттеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Осы арқылы WBO қос тарапқа орта салмақтағы чемпиондық титул үшін міндетті жекпе-жекті өткізу үшін келіссөздерді бастау туралы нұсқау береді. Осы хабарлама жіберілгеннен кейін тараптарға келіссөздер жүргізу және келісімге келу үшін 20 күн беріледі», - делінген ұйымның ресми мәлімдемесінде.
Айта кетейік, бұған дейін Әлімханұлы Лас-Вегаста өткен бокс кешінде француз Хассан Ндам Нжикамды сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или