«Ақсу» жаңа бас бапкер іздейді
Қазақстандық маман Марат Еслямов пен оның штабы «Ақсудан» кетті. Жаңа басшылық басқа бапкер іздеп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
Павлодар облысының клубы Бірінші лигада жеңіске жетіп, Премьер-лигаға жолдама алды. Бірақ ҚПЛ-да өнер көрсеті үшін «Ақсу» басшылығы тәжірибелі маман табуды көздеп отыр. Еслямовпен және оның штабымен келісімшарт ұзартылмайды.
Бас бапкерлікке үміткер бірнеше маман бар. Атап айтқанда, «Мақтааралдың» бас бапкері Константин Горовенко, Армения құрамасының және «Тараздың» экс-тәлімгері Вардан Минасян үміткерлер қатарында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или