Италияда Марадонаға арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті
Италияның Неаполь қаласында аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаға арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рәсімді «Неаполь» футбол клубының басшылығы жүргізді, оған ФИФА президенті Джанни Инфантино мен 2006 жылы Италия құрамасы сапында әлем чемпионы болған Фабио Каннаваро, сондай-ақ 40 мыңнан астам көрермен қатысты.
Футболшыға арналған ескерткіштің авторы мүсінші Доменико Сепе. Мүсін уақытша былтыр футболшының есімі берілген қалалық стадионның алдына орнатылды. Алдағы уақытта қала билігі мүсіннің нақты қайда орнатылатынын анықтайды.
Айта кетейік, Диего Марадона 2020 жылы 25 қарашада 60 жасында өмірден озды.
DIEGO <br /><br />#ForzaNapoliSempre pic.twitter.com/BBwgvdDJRS
— Official SSC Napoli (@en_sscnapoli) November 28, 2021
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или