Камбосос Лопесті жеңіп, үш чемпиондық белбеуге ие болды

Камбосос Лопесті жеңіп, үш чемпиондық белбеуге ие болды

Қазақстан уақытымен 28 қараша күні таңертең жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы америкалық Теофимо Лопес (16-0, 12 КО) Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденда» австралиялық кіші Джордж Камбососпен (19-0, 10 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жекте америкалық боксшы WBA Super, IBF және WBO белбеулерін қорғады. 

Лопес бірінші раундта нокдаунға түсіп қалды, бірақ чемпион тез есін жиып жекпе-жекті жалғастырды. Тіпті оныншы раундта Камбососты кері нокдаунға жіберді. Бірақ австралиялықтың басымдылығы байқалды. 

Жекпе-жек қорытындысында Камбосос төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Есеп - 114:113, 115:111 және 115:112. Осылайша кіші Джордж Камбосос жеңіл салмақтағы WBA Super, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или