Қазақстан әйелдер құрамасы Франциядан ірі есеппен жеңілді
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Франция құрамасынан ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Француз футболшылары қазақстандықтар қақпасына жауапсыз алты гол тоғытты. Калоян Петков шәкірттері іріктеуде ұпай еншілей алмай, І тобында соңғы, 5-орында келеді. Ал француздар барлық бес ойында жеңіп, көш бастап тұр.
Қазақстан құрамасы ӘЧ-2023 іріктеу кезеңіндегі келесі матчын 8 сәуірде өз алаңында Словенияға қарсы өткізеді.
Франция – Қазақстан 6:0 (4:0)
Голы: Ассейи (5), Каскарино (9), Катото (24), Периссе (37), Говен (72, пен), Дали (74)
Франция: Пейро-Маньен (в), Периссе, Тункара (к) (М'Бок Бати, 79), Сиссоко, Баша, Толетти (Гейоро, 60), Бильбо (Матео, 60), Дали, Ассейи, Катото (Говен, 46), Д.Каскарино (Балтимор, 46)
Қазақстан: Саратовцева (в), А.Садықова (Низамутдинова, 84), Қожахмет, Нурушева, Бурова, Власова, Тұрлыбекова, Жанатаева, Айтымова, Сатығалиева (Сағатова, 90+2), Кубесова
Фото kff.kz