Сәкен Бибосынов маусымның сәтті аяқталғанын айтты

Сәкен Бибосынов маусымның сәтті аяқталғанын айтты

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Сәкен Бибосынов биылғы маусымды қорытындылады. Ол Ұлттық Олимпиадалық комитет ұйымдастырған Altyn Samǵaý-2021 Ұлттық спорттық жүлдесіне үміткерлер қатарында болғаны үлкен мақтаныш екнін айтты деп жазады Olympic.kz.

"Сөз жоқ, биылғы жыл мен үшін табысты өтуде. Бір жылда екі ірі жарысқа қатысып, екеуінен де жүлдемен оралдым. Токио Олимпиадасында алтын алсам деген арманым алыстап, қоламен шектелген едім. Міне, сол Токио шаршы алаңында кеткен есемді Сербияның Белградында өткен әлем чемпионатында қайтардым. Алтын жүлдегер атандым.

Мұның бәрі маған үлкен еңбекпен келді. Бапкерімнің қамшылағаны, жанкүйердің қолдағаны, бәрі де өз септігін тигізді. Міне, жыл аяқталар тұста Ұлттық Олимпиадалық комитет мені үздіктер қатарына қосыпты.

Өзімді спорттық жүлдеге үміткерлер қатарында көргенімде, қатты қуандым. Әрбір спортшы да жеңіске лайық деп есептеймін. Маған дауыс беріп, демеп жатқан жанкүйерлерге алғысым шексіз. Егер жеңіске жетсем, қуанышым еселене түсері анық", - дейді Сәкен Бибосынов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или