Бокс

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Трансұлттық бокс рейтингі кеңесінің (TBRB) тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең үздік боксшылар тізімінде позициясын жақсартты.

Әлімханұлы 21 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBO Global чемпиондық титулын қорғап қалған болатын.

Қазақстан боксшысы осы жеңісі арқылы украиналық Сергей Деревянченконы TBRB рейтингінде бесінші орыннан сырғытты. Бұл тізімде бірінші орында IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер