«Шахтердің» бас бапкері жартылай финалға қатыспайды
Қазақстан кубогінің жартылай финалында «Тобылмен» өтетін қарымта ойында «Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев өзін жайсыз сезінгендіктен, алаң жиегінен командасына ақыл-кеңес бере алмайтын болды.
Бірақ оның коронавирусқа қарсы тапсырған сынағы теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды қарағандылық клубтың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Тобыл» - «Шахтер» кездесуі бүгін сағат 16:00-де басталады. Матч Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Естеріңізде болса, қос команда арасындағы алғашқы кездесу 5:2 есебімен «кеншілердің» пайдасына аяқталған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или