Германиялық БАҚ Кособуцкийдің жеңісіне сенімді

Германиялық БАҚ Кособуцкийдің жеңісіне сенімді

Германиялық Bild басылымы аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) мен доминикандық Алексис Гарсия (10-1, 7 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

Басылым пікірінше, Кособуцкий қарсыласын қиындықсыз жеңуі керек.

«Бір нәрсені нақты айтуға болады: әлемдік тәуелсіздік рейтингтегі 68-орын Кособуцкийге нағыз сынақ бола қоймайтын шығар. «Бұл жекпе-жекке бар назарымды салып отырмын» десе де солай», - деп жазылған басылым материалында.

Еске салайық, жекпе-жек 20 қарашада Гамбургте (Германия) өтеді, боксшылар аса ауыр салмақта WBC International Silver титулын сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или