Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBO титулы үшін таласады
<span>Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың (15-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.</span>
<span>BoxRec.com мәліметінше, Нұрсұлтанов рингке 2022 жылдың 15 қаңтарында Ақтауда ресейлік Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) шығады. Олар орта салмақтағы WBO International титулы үшін жұдырықтасады. </span>
<span>Мейірім бұған дейінгі айқасын да Ақтауда 6 қарашада өткізген еді, ол төрешілердің бірауызды шешімімен беларусь Дмитрий Атроховты (16-12, 7 КО) жеңген болатын. Ал Сироткин Болтонда (Англия) 17 сәуір күні жекпе-жек өткізіп, WBO European титулы үшін айқаста жергілікті боксшы Дэнни Дигнэммен (13-0-1, 7 КО) тең түсті.<br /></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или