Ибрагимович «Миланмен» келісімшарт мерзімін ұзартады

Ибрагимович «Миланмен» келісімшарт мерзімін ұзартады

«Милан» футбол клубы мен шабуылшы Златан Ибрагимович келісімшарт мерзімін тағы да ұзартуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Клуб пен шабуылшы арасындағы қазіргі келісімшарты 2022 жылы жазда аяқталады. Бірақ 40 жастағы ойыншы әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр.

Осыған байланысты италиялық клуб қысқы трансферлік кезеңнен кейін футболшымен келіссөз жүргізіп көрмекші. Златан миландық клубта тағы бір жалым жыл доп тебуі мүмкін. 

Швед футболшысы қазір «Милан» сапында жылына <span>7 млн еуро жалақы алады. </span>

<span>Айта кетейік, Ибрагимович биылғы маусымда 8 матчқа қатысып, 3 гол соқты және екі нәтижелі пас берді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или