Иван Дычко Нұр-Сұлтанда кіммен жұдырықтасады
Супер ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычконың (10-0, 10 КО) кезекті қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz.
Жекпе-жек Нұр-Сұлтанда өтеді.
Шоудың промоутері Зия Алиевтің айтуынша, Дычко ресейлік Александр Устиновпен (36-5-1, 27 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 18 желтоқсанда өтеді.
Айта кетейік, Иван Дычконың кейінгі жекпе-жегі шілде айында өтті. Отандасымыз ол кезде ресейлік Денис Бахтовты (39-19, 26 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или