Валерий Чуперка «Астанадан» кетті

Валерий Чуперка «Астанадан» кетті

«Астананың» жартылай қорғаушысы Валерий Чуперка келесі маусымда елордалық команда сапында ойнамайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

29 жастағы футболшы қысқа демалыстан кейін клубқа оралған жоқ. Ойыншыларға халықаралық үзіліс кезінде үйлеріне қайтуға рұқсат берілген болатын.

Чуперка «Астанада» қалғысы келмейді. Ол карьерьерасын басқа клубтарда жалғастыруы мүмкін.

Бұған дейін Молдова құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы ресейлік «Краснодар», «Спартак» (Нальчик), «Томь», «Балтика», «Анжи» және «Ростов» командаларында өнер көрсеткен.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или