Бокс

Әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке 5 млн теңге мен пәтер кілті табысталды

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетаудан пәтер кілті және ақшалай сертификат тапсырылды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Жүсіповке пәтер кілтінен бөлек 5 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ Теміртастың жаттықтырушысы Қуанышбай Кокушев те құр қол қалмай, 2,5 миллион теңгенің сертификатына ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, Белградта (Сербия) өткен Әлем чемпионатында ақмолалық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда тайландтық Вуттичай Юрачайды тізе бүктірген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер