Top Rank Әлімханұлы - Брант жекпе-жегінің үздік сәттерін көрсетті

Top Rank Әлімханұлы - Брант жекпе-жегінің үздік сәттерін көрсетті

Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (10-0) орта салмақтағы WBA Regular тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантқа қарсы жекпе-жегінің үздік сәттерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлімханұлы Брантты техникалық нокаутпен жеңді. Қазақстандықтың келесі қарсыласы француз Хассан Ндам Нжикам болмақ.

«Жәнібек Әлімханұлы сол қолымен өзіне тән соққысын көрсетті. Орта салмақта жеңіліп көрмеген боксшы 20 қарашада Кроуфорд-Портер PPV-кардында рингке оралады», — деп жазды промоушен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или