Әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосынов «алтын» үшін не алды

Әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосынов «алтын» үшін не алды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Белградта өткен әлем чемпионатында алтын медальге ие болып, қомақты ақша алды.

Ашық дереккөздер ақпаратына сәйкес, спортшы 100 мың доллар көлеміндегі AIBA-ның сыйақысын, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтан 70 мың доллар, мәдениет және спорт министрлігінен 6 миллион теңге алған.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев чемпионға Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беруді тапсырған.

Қазақ боксшылары 2021 жылғы әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша бас бапкер Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен команда жалпы жүлде кестесінде екінші орынды иеленді.

Біріншіліктің алтын медалін Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Сәкен Бибосынов (51 кг), күміс – Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Серік Теміржанов (57 кг), қола – Абылайхан Жүсіпов (67 кг) жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или