Қазақстандық нокаутер қарашада жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық нокаутер қарашада жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Дастан Сәдуұлының (10-1, 10 КО) келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Танымал boxrec.com сайтының хабарлауынша, Дастан 13 қарашада Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

19 жастағы қазақстандық отандасы Нұрәділ Есжановпен жұдырықтасады. Нұрәділ үшін бұл жекпе-жек кәсіпқой рингтегі дебюті болмақ.

Айта кетейік, Дастан кейінгі жекпе-жегін 17 қыркүйекте Алматыда өткізген болатын. Онда Сәдуұлы бірінші раундта жерлесі Қайсар Иманбайды (0-2) нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или