Волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді
Азия волейбол конфедерациясы (AVC) әйелдер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатын келер жылы қай уақытта өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
AVC мәліметінше, чемпионат 1-8 мамыр аралығында емес, 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді. Жарысты Қазақстанның Семей қаласы қабылдайды.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының атынан шыққан «Алтай» әйелдер клубы биыл клубтар арасындағы Азия чемпионатында топ жарып, клубтар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или