Кличконың экс-бапкері «Канело» - Головкин трилогиясына болжам жасады

Кличконың экс-бапкері «Канело» - Головкин трилогиясына болжам жасады

Владимир Кличконың бұрынғы бас бапкері Сергей Городничев қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында трилогия өткізудің мәні жоғын айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

Городничевтің пікірінше, «Канело» Головкинді үшінші кездесуде де жеңеді.

«Меніңше, Головкиннің «Канелоға» шамасы жетпейді, себебі бұл Фьюри мен Уайлдер трилогиясы секілді. Тек үлкен сома үшін жұдырықтасуға келіспесе. Головкин тағы да жеңіледі, сонымен бітті. Бұл менің ойым. Тек ақша табу үшін кездесуі мүмкін», - деді Сергей Городничев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или