Бокс

Бокстан ӘЧ: Асланбек Шымбергенов ирандық қарсыласын жеңді

Бокстан ӘЧ: Асланбек Шымбергенов ирандық қарсыласын жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов бокстан Белградтағы әлем чемпионатының келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

71 келіге дейінгі салмақта Шымбергенов 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты жеңді. Кездесу бір раундқа ғана созылды, ирандық боксшының қабағы жарылып, жекпе-жек жалғаспады.

1/16 финалда Шымбергенов өзбекстандық Шахрам Гиясовпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер