«Қайраттың» басшылығында өзгеріс болуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Болгарияның «Пловдив» клубында бас директор қызметінде болған Даниэль Серехидо Қазақстанға келуі мүмкін. Бұл туралы «Мутко против» телеграм арнасы хабарлады.

Дереккөздің жазуынша, Даниэль Серехидо «Қайратта» басшылық қызметке келуі мүмкін. Онымен бірге «Зенит» БК медиа бөлімінің басшсы Александр Невзгодта келеді деп күтілуде.

Болгар клубы қазіргі директор Серехидоның орнына адам іздей бастады.

«Егер Серехидо Қазақстанға кететін болса, онда қарама-қарсы бағытта (Қазақстаннан Болгарияға) «Астананың» бұрынғы бас директоры Дэвид Лория баруы мүмкін», - деп жазады дереккөз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер