Талғат Байсуфинов бастаған ұлттық құраманың бапкерлері жиналыс өткізді

Талғат Байсуфинов бастаған ұлттық құраманың бапкерлері жиналыс өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бапкерлері қазан айында болатын матчтарды талқылап, дайындық жұмыстарына кірісті.

Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар департаментінің директоры Игорь Авдеев бапкерлер штабын шақырып, арнайы жиналыс өткізді. Онда бас бапкер Талғат Байсуфинов өткен ойындарды саралай келе, алда келе жатқан матчтарға қалай дайындалатынын жеткізді.

Сонымен қатар жиын барысында Талғат Маруаұлының көмекшісі Игорь Свечников футболшылардың қазіргі бабына тоқталды. Жарақат алған ойыншылар мәселесі де көтеріліп, ұлттық құрамаға шақыртылатын жаңа ойыншылардың кадидатурасы талқыға түсті. Жақын арада бапкерлік штаб құрамаға шақыртылатын ойыншылар тізімін жариялап, кеңейтілген тізім беретін болады.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер