«Астананың» үздік сұрмергені «Каспиймен» өтетін ойынға қатыспайды

«Астана» лидері Марин Томасов «Каспиймен» өтетін Қазақстан кубогының қарымта кездесуін өткізіп жібереді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
12 голмен ҚПЛ-дің үздік сұрмергені саналатын хорваттық жаттықтырушылар штабының шешімімен Ақтауға ұшпағаны атап өтілді.
Кейінгі матчта Томасовтың жеңіл жарақаты болды, сондықтан жағдайды ушықтырмау үшін осындай шешім қабылданған.
Сондай -ақ португалдық ойыншы Педро Евгенио жарақатына байланысты Ақтауда өнер көрсетпейді.
Естеріңізге сала кетейік, кездесу бүгін, 22 қыркүйекте өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 18: 00-де. Бірінші ойын 3: 3 есебімен аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или