ҚПЛ: 21-тур матчтарының тікелей трансляциясы
18 қыркүйекте футболдан Қазақстан чемпионатының 21-туры Талдықорған, Нұр-Сұлтан, Ақтау және Түркістан қалаларындағы матчтармен ашылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чемпионат аутсайдері талдықорғандық «Жетісу» алтыншы орынға жайғасқан Оралдың «Ақжайығын» қабылдайды. Екі команда да алдыңғы турда жеңіліс тапты. «Жетісу» - «Ақжайық» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00 -де басталады.
17:00: «Астана» мен «Ақтөбе» «Астана Арена» алаңына шығады. Елордалықтар көшбасындағы қостанайлық «Тобылдан» бір ұпай қалып келеді. Ал, өткен турда өз алаңында «Таразды» жеңе алмаған ақтөбеліктер оныншы орынға жайғасқан.
Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де «Каспий» «Атырауды» қабылдайды. Срждан Благоевич баптайтын ақтаулықтар сегізінші сатыда тұр. Олардан екі ұпай артық жинаған «Атырау» бір орын жоғары орналасқан. Қос команданың көрші жайғасқанын ескерсек, дербидің тартысты өтері анық.
Ойын күні тағы бір дербимен аяқталады. Оңтүстікте «Тұран» мен «Ордабасы» кездеседі. Шымкенттіктер өткен турда азулы «Қайратты» жеңді. Түркістандық ұжым «Ордабасыға» қарсы жақсы нәтиже көрсететінін бірінші айналымда дәлелдеді. «Түркістан Аренадағы» матч елорда уақытымен 20:00-де басталады.
Фото fcastana.kz