Головкиннің келер жылы кіммен жекпе-жек өткізуі мүмкін екені белгілі болды

Головкиннің келер жылы кіммен жекпе-жек өткізуі мүмкін екені белгілі болды

Британия боксшысы Крис Юбэнк-кіші келер жылы орта салмақта IBF пен IBO чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>«Екеуіміздің жекпе-жегіміз алдағы 12 айдың ішінде өтетінін білемін. Өтпей қалуына қандай да бір кедергі көріп тұрғаным жоқ. Головкиннің командасы қызығушылық танытып отыр.</span>

<span>Бокс жанкүйерлері де бұл айқасты көргісі келеді. Бұл өте ауқымды жекпе-жек. Оның үстіне Ұлыбританияда өтетін болса», - деді боксшы Boxing Social басылымына берген сұхбатында. </span>

<span>Бұған дейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн өзінің екі клиенті – Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасында бірігу жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі екенін айтқан еді. </span>

<span>Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин – IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион, WBO нұсқасы бойынша Деметриус Андраде, WBC бойынша Джермалл Чарло, WBA Super орта салмақта белбеу иегері Риота Мурата. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или