Айдос Кенжеғұлов: Біз үшін Қарағандыда өтетін халықаралық турнирдің маңызы жоғары

Айдос Кенжеғұлов: Біз үшін Қарағандыда өтетін халықаралық турнирдің маңызы жоғары

Қарағандыда үстел теннисінен алғаш рет халықаралық "ITTF Kazakhstan International Open" турнирі өтеді. Аталған додаға қатысатын қазақстандық Айдос Кенжеғұлов Olympic.kz сайтына жарысқа дайындығы туралы айтып берді. 

"Жарысқа жеке дайындығым Австрия елінде өтті. Себебі қыркүйек айынын бастап Бундеслига маусымы басталды. 

Дәл осындай деңгейдегі жарыс елімізде бірінші рет өткізілейін деп жатыр. Сондай-ақ, өзіміздің жаңа үстел теннисі орталығымызда өтеді. Халықаралық аренада сынға түсіп жүрген үздіктер де қатысушылар арасынан табылады. Сондықтан да бұл доданың біз үшін жауапкершілігі мен Қазақстан үстел теннисі үшін маңызы өте жоғары. 
Жасыратыны жоқ, жарыста ешқандай қарсылас оңай болмайды. Десе де, Австрия, Белорусь, Өзбекстан, Үндістан және Қырғызстанның спортшылары негізгі қарсылас болып келеді", - дейді спортшы Айдос. 

Айта кетерлігі, "ITTF Kazakhstan International Open" халықаралық турнирі 15-19 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында "Saryarqa" үстел теннисі орталығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или