«Тараз» - «Тобыл» матчына көрермен кіре алады

«Тараз» - «Тобыл» матчына көрермен кіре алады
news-banner7
mobile-news-top

Жамбыл облысының санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, «Тараз» - «Тобыл» кездесуіне көрермендер кіргізілетін болады.

ҚПЛ көшбасшысымен өтетін матчты көптеген көрермен стадионнан тамашалағысы келетіні түсінікті. Әрине, бұл жамбылдық команданың жанкүйерлері үшін жақсы жаңалық. Бірақ, стадион сыйымдылығының 30%-на дейін ғана көрермен жіберіледі.

Стадионға кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асады. Баршаңызды санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, маска киіп, антисептик пайдаланып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысы қазіргі таңда коронавирус таралуы бойынша «сары аймақта». «Тобылмен» матч 19 қыркүйек күні «Орталық» стадионда өтеді. Кездесудің басталуы 17:00.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер