Бокс

Белгілі қазақстандық боксшы Головкин өзімен жұмыс істеуге келіспегенін айтты

Белгілі қазақстандық боксшы Головкин өзімен жұмыс істеуге келіспегенін айтты

Бұрынғы әлем чемпионы Василий Жиров Головкинге бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасағанын айтты.

Ол Головкиннің техникасына байланысты сауалға жауап берді.

- Ол жоғары деңгейге шықты, көптеген жекпе-жекте жеңіске жетіп, чемпион атанды. Бұған өзінің еңбекқорлығының арқасында қол жеткізді. Ол үшін қуаныштымын.

Әуесқой карьерадан кейін Америкаға кетті. Мен оған бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасаған едім, ол өзінің жолын таңдады, - деді Жиров "Ушатайка: Спорт-Экспресс" Youtube арнасына берген сұхбатында.

Түпнұсқасы: sputnik.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0