«Мен біздің бұл жеңісті дұрыс бағалағанымызды қалаймын». Александр Седнев - «Қайратқа» қарсы матч туралы

«Мен біздің бұл жеңісті дұрыс бағалағанымызды қалаймын». Александр Седнев - «Қайратқа» қарсы матч туралы
news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев командасының алматылық «Қайратқа» қарсы өткізген жеңісті матчы (2:1) жайлы пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әрине, эмоциялар тек жағымды. Бірақ, біріншіден, біз өз жанкүйерлерімізбен ойнағанымызға қуаныштымыз. Команда үшін осындай қиын сәтте олар біздің ең адал достарымызға айналғанына және осы қиын матчта қосымша күш табуға көмектескендеріне өте ризамын. Алдағы уақытта да осылай болады деп үміттенемін.

Екіншіден, мен қарсылас командаға нағыз ерлерге сай ойын көрсеткені үшін рахмет айтамын. Алғашқы таймның бір сәтінде аут біздің пайдамызға шешілген еді, алайда төрешілер теріс шешім шығарды, дегенмен де «Қайраттың» футболшысы бізге допты қайтарып берді. 0:0 болып жатқан матчта командалар допқа иелік етуге тырысып жүргенде ол допты қайтарып, әділ ойнады. Бұл мақтауға тұрарлық жағдай, кездесуден кейін мен қарсылас командаға және ойыншыға арнайылап барып алғысымды білдірдім. Бұл іс-әрекеттері олардың жоғарғы деңгейлі команда екендерін көрсетеді.
Ойын екіжақты өрбіді, қарсылас алаңның көп бөлігін иемденді, бірақ біз қауіпті сәттерді ұтымды пайдаланғанымызда кездесуге ертерек нүкте қоя алар едік.

Команда ішінде өткен ойыннан қалған есемізді қайтаратындай көңіл күй болды, біз бірінші айналымдағы жеңілісті есімізден шығармадық, ол кезде қарсылас он ойыншымен бізді жеңген. Бізге жақсы эмоциялар қажет, олар соңғы кездері біз күткендей көп емес, алайда мен өз футболшыларыма алғыс айтамын, олар бүгін алаңда бар күштерін салды. Бірақ, мен біздің бұл жеңісті жақсылап бағалағанымызды қалаймын, себебі жақында «Тұранға» қарсы оңтүстік дербиі күтіп тұр. Сол себепті, біздің ол матчқа дайындығымыз маңызды, біз бұл үшін барлығын жасайтынымызға сенемін», - деді Седнев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер