Әлем футболы

Қазақстандықтар еурокубок матчтарын тікелей эфирде көре алады

Қазақстандықтар еурокубок матчтарын тікелей эфирде көре алады
news-banner7
mobile-news-top

Qazaqstan және Qazsport телеарналары УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының ойындарын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан UEFA EURO 2020 Еуропа чемпионатының көрсетілімінен кейін футбол жанкүйерлерін тағы да қуантпақ. Бұл жолы корпорация УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының ойындарын Қазақстан Республикасының аумағында көрсету құқығына ие болды. Qazaqstan және Qazsport телеарналары Еуропаның ең үздік клубтарының 2021/2022 маусымындағы тартысты матчтарын көрсетеді», - делінген коропорация ақпаратында.

Биыл УЕФА-ның жаңа клубтық турнирі - Конференция лигасы құрылды. Оған Алматының «Қайрат» клубы қатысады. «Қайрат» өз тарихында еурокубоктың топтық кезеңіне алғашқы рет шығып отыр. Қазақстандық команда H тобында Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдың «Омония» командаларымен плей-офф жолдамасы үшін сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер