Командалық

Волейболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері қайтыс болды

Волейболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық белгілі волейбол жаттықтырушысы Вячеслав Шапран 8 қыркүйекте 73 жасында қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Вячеслав Николаевич Шапран 1948 жылы 21 тамызда Алматыда дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ дене шынықтыру және спорт институтын бітірген.

Ойыншы ретінде алматылық «Буревестникте» ойнаған. Бапкер ретінде алматылық «Рахат» командасын, Алжир құрамасын, Қазақстан қыздар құрамасын жаттықтырған.

2011-2015 жылдары талдықорғандық «Жетісуды» басқарды.

2021 жылы 8 қыркүйекте 73 жасында қайтыс болды.

Prosports.kz ұжымы Вячеслав Николаевичтің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер