Бокс

Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жегін қайда өткізетіні белгілі болды

Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жегін қайда өткізетіні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) гайаналық Леннокс Алленге (22-1-1, 14 КО) қарсы жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, Ербосынұлы – Аллен жекпе-жегі 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы «Жекпе-жек» сарайында өтеді. Бұл кездесудің жеңімпазы екінші орта салмақта WBA әлем чемпионы титулына ресми үміткер болады.

Айдос Ербосынұлы кейінгі рет 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жекпе-жек өткізген. Сол кездесуде ол ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Ал Аллен былтыр 8 тамызда Лос-Анджелесте кубалық Давид Моррелден (5-0, 4 КО) жеңіліп қалған.

Нұр-Сұлтандағы бокс кешінің андеркардында қазақстандық Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов пен Данила Семенов жекпе-жек өткізеді деп күтіліп отыр.

Фото instagram.com/yerbossynuly_aidos

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер