Зайнутдинов Қазақстан құрамасы сапына қосылды

Зайнутдинов Қазақстан құрамасы сапына қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов бүгін команда сапына қосылады. Ол жайында ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Игорь Авдеев мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі федерация баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз беттерінде оның виза мәселесін дер кезінде шеше алмағаны жазылған еді. Футболшының жеке төлқұжаты осыған дейін өзге визалық орталықта болғандығына байланысты Финляндияға құжаттарды кеш тапсырды.

Дегенімен, жартылай қорғаушы Финляндия аумағына енуге рұқсат алып, құраманың ойындарына қатыса алатындай жағдайға ие болды. Ол бүгін бас команда сапына келіп қосылуы тиіс. Демек, Зайнутдинов Боснияға қарсы матчта құрамаға көмектесе алады деген сөз.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бүгін Финляндиямен ойнағаннан кейін, 7 қыркүйек күні Босния командасына қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер