Станимир Стоилов Қазақстанға келмейді

Станимир Стоилов Қазақстанға келмейді

Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов мансабын Болгарияда жалғастырады. 

Станимир Стоилов Болгарияның «Левски» командасын тізгіндеді. Бұл туралы клуб ресми хабарлады.

Болгар маманы Қазақстан құрамасының тізгінінен кеткен соң «Левски» мен «Лудогорецті» жаттықтырудан бас тартқан. Бұдан бөлек оған Түркиядан ұсыныс түскені туралы ақпарат шыққан. Кейбір БАҚ Станимир Стоиловпен «Тобыл» клубы келіссөз жүргізгенін жарыса жазған еді.  

Айта кетейік, Станимир Стоилов «Астананы» 2014-2018 жылдар аралығында жаттықтырған. Одан кейін біраз уақыт Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или