Әлем футболы

Ресми. Забитцер «Бавария» футболшысы атанды

Ресми. Забитцер «Бавария» футболшысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» өзінің ресми сайтында «РБ Лейпциг» жартылай қорғаушысы Марсель Забитцердің ауысқанын хабарлады.

Тараптар 2025 жылдың маусымына дейін келісімшартқа отырды. Transfermarkt порталының хабарлауынша, мюнхендіктер 27 жастағы жартылай қорғаушы үшін 15 миллион еуро төлейтін болады.

Забитцер 2015 жылдан бері «Лейпцигте» ойнады. Австриялық ойыншы клубта барлығы 229 кездесу өткізіп, 52 гол соғып, 42 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер