«Ақтөбеге» ганалық жартылай қорғаушы ауысып келді

«Ақтөбеге» ганалық жартылай қорғаушы ауысып келді

«Ақтөбе» футбол клубы ганалық жартылай қорғаушы Йоахим Адукормен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

28 жастағы тіреуші жартылай қорғаушы 50 нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

Адукор мансабын Швецияда бастаған. Алғашқы клубы жергілікті «Гефле» болды. Кейінірек ойыншы Португалия жеріне аяқ басып, «Трофенс» сапында доп тепті. Ол «Безиерс», «ОФИ Крит», «Диошдьор» сияқты клубтарда ойнады.

Ганалық ойыншының соңғы клубы босниялық «Сараево» болды. Аталған клуб сапында ол Босния және Герцеговина чемпионы болы және екі дүркін Кубок иегері атанды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или