Бокс

Бокстан Азия чемпионатында әзірге төрт қазақстандық жасөспірім чемпион атанды

Бокстан Азия чемпионатында әзірге төрт қазақстандық жасөспірім чемпион атанды
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде бүгін төрт қазақстандық чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында жеңіс тұғырынан көрінгендер қатарында Дамир Байпақов (46 келі), Төрехан Сабырхан (52 келі), Адайбек Ниязбай (54 келі), Бақтияр Анарбаев (57 келі) бар.

Финалда Дамир Байпақов ирактық Аббас Касимді жеңді. Қалған үшеуі өзбекстандық қарсыластарынан басым түсті. Атап айтқанда, Төрехан Сабырхан Абдулло Мадаминовті, Адайбек Ниязбай Мироншох Норкосимовты, Бақтияр Анарбаев Далержон Бозоровты жеңді.

Алда 66 келіде Ислам Советов өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоевпен, 81 келіде Мохаммед Аттиа-Хамед тағы бір өзбекстандық Сардорбек Турсуновпен қолғап түйістіреді. Ал 81 келіден жоғары салмақта Ердос Шәріпбек үндістандық Бхарат Джоонмен шаршы алаңға шығады.

Сондай-ақ, бүгін 2005-2006 жылғы қыздар арасында финалдық бәсеке болады. Онда 10 салмақта қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады.

Ал ертең, 30 тамызда 2003-2004 жылғы дүниеге келген жастар арасында финал болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер