Бокс

Қазақстандық сегіз жасөспірім Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық сегіз жасөспірім Азия чемпионатының финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Жастар мен жасөпірімдер арасындағы бокстан Азия біріншілігінің финалына 8 былғары қолғап шебері жолдама алды. 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасынан келесі спортшылар жеңімпаз атанды:

52 келіге дейін: Төрехан Сабырхан - Бузургмехр Иксанов (Тәжікстан) - 3:2

54 келіге дейін: Адай Ниязбай - Чиринг (Непал) - үшінші раунд DSQ.

57 келіге дейін: Бахтияр Анарбаев - Шахбоз Дадажонов (Тәжікстан) - 5:0.

52 келіге дейін: Томирис Мырзақұл - Лазиза Юсупова (Өзбекстан) - 5:0

60 келіге дейін: Асем Таңатар - Мариам Мохаммед (Ирак) - 5:0

Құрлықтық доданың финалына Ақжан Түркістанова (75 келіге дейін) және Шұғыла Рысбек (81 келіден жоғары) мерзімінен бұрын жолдама алды.

Өз салмақтарында келесі спортшылар қол жүлдеге ие болды:

48 келіге дейін: Айдар Қадырхан

50 келіге дейін: Илья Калинин

75 келіге дейін: Даулет Тулемисов

46 келіге дейін: Елянура Турганова

48 келіге дейін: Анита Абишева

Естеріңізге сала кетейік, 26-27 тамыз күндері жасөспірімдер арасындағы кезекті жартылай финал жекпе-жектері өтеді.

Бүгін Дубайдағы жарыста жастар арасындағы финалдық бәсекеге қатысатын спортшылардың есімі белгілі болады. Тікелей эфир елорда уақытымен 18:00-де болады деп күтілуде.

Биылғы жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында (ASBC) құрлық біріншілігінде 51 жаңа жеңімпаздың есімін білетін боламыз (25 қыз бен 26 ұл). Бұл салмақ дәрежелерінің саны бойынша рекордтық көрсеткіш. Сайысқа ең көп делегат Қазақстан, Өзбекстан және Үндістан құрамаларынан келеді деп күтілуде.

Біріншіліктің тағы бір ерекшелігі, тарихта бірінші рет бір чемпионатта екі буынның (жас ерекшелігіне қарай) өкілдері шаршы алаңға шығады. Атап айтқанда, 2003 пен 2004 жылы туғандар жастар арасында бақ сынаса, 2005-2006 жылы туғандар жасөспірімдер арасында мықтыны анықтайды.

Естеріңізге сала кетейік, жастар мен жасөспірімдер арасында өтетін Азия біріншілігінде ақшалай жүлде қарастырылған. Халықаралық Бокс Ассоциациясынан (AIBA) жастар арасындағы жеңімпаздар 6000 АҚШ долларын, күміс жүлде иегерлері - 3000 доллар, қола жүлде иегерлері - 1500 доллар көлемінде сыйақы алады.

Ал екінші жас ерекшелігіне сай жасөспірімдер 4000/2000/1000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы ала алады. Дәл осындай жүлде қоры Тбилисиде өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында тағайындалған болатын.

Түпнұсқасы: kfb.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер