Хоккей

ҚР Кубогінің топтарындағы орындар қалай бөлінеді

Назарларыңызға Қазақстан Кубогі топтарындағы орындардың бөліну, сонымен қатар финалдық кезең қатысушыларының іріктелуін анықтау тәртібін ұсынамыз.

Топтардағы орындар қалай бөлінеді

Кубоктің бірінші кезеңінің матчтарын айналмалы жүйе бойынша өткізу кезеңінде командалар арасындағы топтарда орындардың ағымдағы бөлінуін анықтау үшін екі немесе одан да көп командаларда ұпайлар тең болған жағдайда, келесі критерийлер рет-ретімен қаралады.

  • 1)Бірдей балл жинаған командалардың қатысуымен жекпе-жек матчтарда жинаған ұпай саны.
  • 2)Матчтың негізгі уақытындағы жеңіс саны.
  • 3)Бірдей балл жинаған командалардың қатысуымен жекпе-жек матчтарда салынған және өткізілген шайбалар айырмашылығы.
  • 4)Топтық кезеңнің барлық матчтарында салынған және өткізілген шайбалар айырмашылығы.
  • 5)Топтық кезеңнің барлық матчтарындағы жеңіс саны.

Әрі қарай Турнир регламентінде танысуға болатын тағы бірнеше тармақ бар. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, әдетте орындардың түбегейлі бөлінісі үшін алғашқы бес критерийдің өзі жеткілікті болып жатады.

Екінші орын алғандар ішінен үздік команда қалай анықталады (ол Q4 бөлінісіне енеді)

ҚР Кубогінің финалдық бөлігіне шыққан команданы анықтау үшін екі немесе одан да көп командаларда ұпайлар тең болған жағдайда, келесі критерийлер қарастырылады.

  • 1)Ең көп ұпай саны.
  • 2)Негізгі уақытта жиналған ұпай саны.
  • 3)Салынған және өткізілген шайбалардың үздік айырмашылығы.
  • 4)Салынған шайбалардың ең көп саны.
  • 5)Өткізілген шайбалардың ең аз саны.
  • 6)Команданың өткен маусымдағы Қазақстан чемпионаты қорытындысы бойынша рейтингісі.

Топ жеңімпаздарының бөлінісі қалай анықталады (Q1, Q2, Q3)

Өз топтарында жеңімпаз атанған командалар бөлінісін анықтау үшін екі немесе одан да көп командаларда ұпайлар тең болған жағдайда, келесі критерийлер қарастырылады.

  • 1)Ең көп ұпай саны.
  • 2)Негізгі уақытта жиналған ұпай саны.
  • 3)Салынған және өткізілген шайбалардың үздік айырмашылығы.
  • 4)Салынған шайбалардың ең көп саны.
  • 5)Өткізілген шайбалардың ең аз саны.
  • 6)Команданың өткен маусымдағы Қазақстан чемпионаты қорытындысы бойынша рейтингісі.

Жартылай финалда рейтингісі жоғары (Q1) команда екінші орын алғандар (Q4) қатарынан үздік атанған командамен ойнайды. Келесі жұпты Q2 және Q3 құрайды.

Түпнұсқасы: pro.ligasy.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0