ММА

Хабиб Нурмагомедов Федор Емельяненконың келесі қарсыласы туралы айтты

Хабиб Нурмагомедов Федор Емельяненконың келесі қарсыласы туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақта UFC -ның бұрынғы чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Федор Емельяненконың келесі қарсыласы кім болатынын білетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен оның қарсыласы кім болатынын білемін. Федорға әлсіз қарсылас түскенін қалаймын. Өйткені, оның жасы ұлғайды. Мен Федордың сыртқа шығып, «жас арыстандармен » жекпе-жек өткізгенін қаламаймын. Ол бір уақытта бәрін дәлелдеді, қазір 44 жаста. Оған жақсы қарсылас таңдау – оның жеңілуін тілеу деген сөз. Менің пікірімше, оның келесі қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес», - деді Хабиб Sport24 арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Федор Емельяненконың келесі жекпе -жегі 23 қазанда Bellator турнирінде өтеді. Қарсыластың есімі әлі белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер