Тоқтарбек Таңатқан: Әбілханға сәттілік жолдас болсын

Тоқтарбек Таңатқан: Әбілханға сәттілік жолдас болсын

Токионың төріндегі рингте екі қазақ бір-бірімен кездесуі мүмкін еді. Егер де 75 кило салмақта Қытайдың аты­­нан шыққан Тоқтарбек Таңат­қан бразилиялық боксшы Эберт Кон­сейсан Соузадан басым түс­кенде. Қазақ баласының бір-біріне жұ­дырық жұмсауын Жаратушымыз құп көрмеген екен. Тоқтарбек әлем чем­пионатының қола жүлдегерінен 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Жекпе-жек­тен кейін қандасымызды сөзге тартқан болатынбыз.

– Тоқтарбек, бүгінгі жеңілісіңді немен түсіндіресің?

– Негізі, бірінші раундта ақырын жүріп, қарымта соққылармен шабуылдаймын деп жоспарлағанмын және солай жасадым да. Алайда бірінші раундта 0:5 есебімен жеңілемін деп ойлаған жоқпын. Екінші-үшінші раундта өзім шабуылға шығып, біраз соққы жасадым. Бірақ барлығы мен ойлағандай бола қойған жоқ. Қорытынды есепке көңілім толмай тұр.

– Төрешілер шешімі екіге жарылды. Екі төреші 29:28 есебін тіркеп, сенің пай­даңа шешсе, үш төреші брази­лия­лыққа 29:28 берген екен.

– Әркімнің өз пікірі, өз көзқарасы бар. Солай болу керек болған ғой. Оның үстіне менің халықаралық жарыс­қа шық­пағаныма көп болды. Бүгін ойдағыдай бокс­таспағаныма сол да әсер еткен шығар.

– Енді сенің қарсыласың тағы бір қазақпен ширек финалда кездесетін болды...

– Әбілханды мен жақсы танимын. Тәжірибелі боксшылардың бірі. Оған сәттілік жолдас болып, Олимпиадада чемпион атансын дегім келеді.

– Қазақстан боксшыларының қай­сысы алтын алады деп ойлайсың?

– Негізі мен Бекзат Нұрдәулетовті чем­пион болады деп ойлағанмын. Өкі­нішке қарай, Бекзат бауырым жеңіліп қалды. Енді қалған боксшылардан үміт күтемін. Барлығы жеңіске жетсін.

– Қазақстанда болдың ба? Біздің бокс­­шылардан кімдерді танисың?

– Қазақстанда бұрын болғанмын, көп боксшыны танимын.

Сұхбаттасқан Алмас Манап

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или